Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:15, 03 Қазан 2024

Израиль БҰҰ Бас хатшысының елге кіруіне тыйым салды

в
Фото: theins.ru

Израиль Сыртқы істер министрі Исраэль Кац БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришті нон грата тұлға деп жариялап, елге кіруге тыйым салды. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісінде хабарлады.

«Әлемдегі барлық елдер сияқты, Иранның Израильге жасаған сұмдық шабуылын сөзсіз айыптай алмайтын кез келген адам Израиль жеріне аяқ басуға лайық емес», - деді министр.

Оның айтуынша, Гутерриш ХАМАС-тың да 2023 жылдың 7 қазанында Израильге жасаған шабуылын айыптамаған және қозғалысты террористік ұйым деп жариялауға күш салмаған.

Израиль Сыртқы істер министрлігінің басшысы Гуттериштің БҰҰ ұйымының «тарихында дақ болып қалатынын» айтты, өйткені ол «террористерді, зорлаушыларды және қанішерлерді қолдайды».

1 қазан күні кешке Иран Израильге зымырандық шабуыл жасағаннан кейін Гутерриш твиттер парақшасында Таяу Шығыстағы қақтығыстың өршуін айыптап, атысты тоқтатуға шақырды. Алайда, ол Иранды да, Израильді де атаған жоқ.

Айта кетейік, Иран 1 қазанда Израильге жаппай зымырандық шабуыл жасады. Ислам революциясы Сақшылар корпусы бұл әскери операцияның Израильдің Хамас жетекшісі Исмаил Ханияны, Хезболла жетекшісі Хасан Насралланы және Ливандағы IRGC қолбасшысы Аббас Нилфрушанды өлтіруіне жауап деп мәлімдеді. Израильдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Иран Израильге 181 баллистикалық зымыран жіберген. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иран «үлкен қателік жасады және оның орнын толтырады» деді.

Тегтер: