Бүгін, 09:42
Израиль Газа қаласында әскери операция бастады

The Jerusalem Post дерегінше, әскерилер қазірдің өзінде қаланың шетіндегі бірнеше аумақты бақылауға алған.
Бұған дейін Израильдің қорғаныс министрлігі Газаны толықтай басып алу жоспарын мақұлдаған еді. Бұл жоспар аясында шамамен бір миллионға жуық палестиналықты анклавтың оңтүстігіне күштеп көшіру көзделген.
Жергілікті ақпарат құралдары Израиль армиясының 60 мың резервисті шақырғанын хабарлады. Дегенмен олардың барлығы бірдей ұрысқа тікелей қатыспайды. Соғыс созылған жағдайда бұл көрсеткіш 130 мыңға дейін жетуі мүмкін екені айтылады.
Айта кетейік, Израиль Газа секторын 1967 жылдан 2005 жылға дейін, яғни 38 жыл бойы әскери бақылауда ұстаған. Қазіргі таңда мұнда 2,4 миллионнан астам палестиналық өмір сүреді.