Израиль ХАМАС-ты соғысты жалғайтынын айтып қорқытты

Израиль Газа тұрғындарын мәжбүрлеп көшіру, электр қуатын өшіру және шайқастардың қайта жалғасуын қоса алғанда, ықтимал шаралармен Хамасқа қысымды күшейтуге дайындалуда.
«Jerusalem Post» газеті аты-жөнін атамаған израильдік шенеуніктерге сілтеме жасап, Израильдің Хамасқа қалған кепілдегілерді босату туралы келісімге келу үшін тағы бірнеше күн бергенін хабарлады. «Егер келіссөздердің адал жүргізілмей жатқанын көрсек, Газа секторында соғыс қимылдарын қайта бастаймыз», - деді Израиль шенеуніктері басылымға.
Израиль тарапының мәліметінше, ХАМАС тұтқынында аман қалған 24 израильдік пен кем дегенде 35 мәйіт қалды.
Газа секторына жеткізілімдердің жабылуын «Шекарасыз дәрігерлер» гуманитарлық ұйымы, сондай-ақ Мысыр, Катар және Иордания айыптады. Мысыр Сыртқы істер министрі Бадр Абделлати: «Гуманитарлық көмекті ұжымдық жазалау және ашаршылық қаруы ретінде пайдалануға жол бермеу керек» деді. Ол бұл әрекетті «халықаралық гуманитарлық құқықты анық және өрескел бұзу» ретінде қарастыратынын айтты.