Израиль ХАМАС-тың ішкі қауіпсіздік аппаратының басшысын өлтіргенін хабарлады
Хусам Шахван Израиль бөлімшелеріне жасалған шабуылдар кезіндегі жағдайды бағалауға жауапты болды.
Израиль әскерилері Хан Юнисте ХАМАС тобының ішкі қауіпсіздік аппаратының басшысы Хусам Шахванды өлтірді. Бұл туралы Израиль қорғаныс күштері (IDF) хабарлады.
«Сәрсенбі күні түнде барлау мәліметтеріне сүйене отырып, әуе күштері Хан-Юнистегі гуманитарлық аймаққа соққы беріп, Газа секторының оңтүстігіндегі Хамастың ішкі қауіпсіздік аппаратының басшысы лаңкес Хусам Шахванды өлтірді», - делінген хабарламада.
IDF мәліметі бойынша, Шахван Израиль бөлімшелеріне шабуыл жасау кезіндегі жағдайды бағалауға жауапты болған.
Израиль әскерилері Шахванды өлтіру кезінде бейбіт тұрғындарға төнетін қауіптерді барынша азайту шараларын қолданғанын, соның ішінде қосымша барлау, аумақты әуеден бақылау және дәл басқарылатын оқты қолданғанын айтты.
The Times of Israel басылымының жазуынша, Шахван ХАМАС полициясы басшысының орынбасары болған. Кей мәліметтерге қарағанда, Шахванмен бірге полиция басшысы Махмуд Салах және тағы тоғыз адам, соның ішінде әйелдер мен балалар да қаза тапқан.