Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:20

Израиль «Хезболла» нысандарына соққы берді

1
Фото: Getty Images

Израиль қорғаныс әскері Ливан аумағына әуе соққысын жасағанын мәлімдеді. Ресми мәліметке сәйкес, бұл қадам «Хезболла» тарапынан жасалған шабуылға жауап ретінде жүзеге асырылған.

Хезболла – АҚШ пен Израиль террорлық ұйым деп таныған, алайда Ливанда заңды саяси күш ретінде әрекет ететін қарулы ұйым.

Израильдің солтүстік әскери округінің қолбасшысы, генерал-майор Рафи Мило алғашқы соққы толқыны Ливанның оңтүстігі мен астанасы Бейрут бағытында жасалғанын айтты. Оның сөзінше, шабуыл барысында «жоғары шенді содырлар, штабтар және террорлық инфрақұрылым» нысанаға алынған.

Бейрутке жасалған алғашқы соққыдан кейін Израиль тарапы Ливанның шығысы мен оңтүстігіндегі 50-ге жуық елдімекен тұрғындарына үндеу жасап, ықтимал жаңа шабуылдар алдында эвакуациялануға шақырды.

Аймақтағы шиеленіс соңғы уақытта қайта күшейіп отыр. Сарапшылардың пікірінше, Израиль мен «Хезболла» арасындағы қақтығыстың ушығуы Таяу Шығыстағы қауіпсіздік ахуалына елеулі әсер етуі мүмкін.

Тегтер: