Кеше, 14:00
Израиль «Хезболланың» жоғары шенді мүшесі ұсталғанын хабарлады
Израиль әскері «Хезболла» әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы Имад Амхазды тұтқынға алды. Бұл туралы әлеуметтік желіде израильдік журналист Барак Равид хабарлады.
Журналистің айтуынша, Амхазды Израиль әскери-теңіз күштері Солтүстік Ливандағы түнгі операция кезінде тұтқынға алған. Израильдің одан шииттер қозғалысының теңіз операциялары туралы ақпарат ала алатыны атап өтілді.
Bild басылымының хабарлауынша, Израиль әскерилері жылдам жүретін қайықтармен келіп, ортақ теңіз шекарасынан солтүстікке қарай 140 шақырым жерде орналасқан Ливанға кірген. Израиль «Хезболла» ұйымының жоғары шенді мүшесінің ұсталғанын растады.