Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:55

Израиль Иранға қарсы соғысқа кез келген уақытта дайын — Нетаньяху

Биньямин Нетаньяху
Биньямин Нетаньяху. Фото: Sean Gallup / Getty Images

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху елдің Иранға қарсы әскери әрекеттерді қажет болған жағдайда кез келген сәтте қайта бастауға дайын екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, Тегеран мен Вашингтон арасындағы бітімге қарамастан, Израиль өз мақсаттарынан бас тартпайды. 

«Алға қойған міндеттеріміз бар, біз оларға келіссөз арқылы да, әскери жолмен де жетеміз», - деді ол телеүндеуінде.

Сондай-ақ Нетаньяху соңғы операциялардың нәтижесіне тоқталып, Израиль Ирандағы зымырандарды ғана емес, оларды өндіретін нысандарды да жойғанын айтты. Бұдан бөлек, Иранның ядролық бағдарламасына және маңызды инфрақұрылымына соққы жасалғанын атап өтті.