Израиль қайтадан Газа секторына әуе соққыларын жасады: тоғыз адам қаза тапты
Reuters агенттігі жергілікті қызметтерге сілтеме жасап хабарлағандай, авиаударлар сектордың солтүстік және оңтүстік бөліктеріне тиген.
Медициналық деректерге сәйкес, төрт адам уақытша қоныстанған лагерьге жасалған соққыдан көз жұмған. Тағы бес адам Хан-Юнис қаласында қаза тапқан.
Израиль армиясы бұл шабуылдарды ХАМАС тарапынан атысты тоқтату режимін бұзу ретінде түсіндірді. ЦАХАЛ мәліметінше, қарулы жауынгерлер «сары сызықты» кесіп өтіп, туннельден шыққан.
Айта кетейік, ақпан айының басында да Израиль Газаға шабуыл жасаады. Al Jazeera мәліметінше, Израильдің Газа секторына жасаған әуе шабуылдары салдарынан кемінде 18 палестиналық көз жұмды. Қаза тапқандардың ішінде үш бала, оның ішінде екі сәби бар.
ДДҰ дерегіне сәйкес, қазіргі таңда 18 500 адам эвакуацияны күтіп отыр, олардың шамамен 3 мыңы балалар.
Бітім жарияланғанына қарамастан, Израиль атысты тоқтату режимін бұзуды жалғастырып келеді. Газа денсаулық сақтау министрлігі бітім енгізілгеннен бері 529 адамның қаза тапқанын мәлімдеді.