Израиль мен Хамас атысты тоқтату туралы келісімге қол қойды
Катар премьер-министрі Мұхаммед Әл Тани Израиль мен Хамас атысты тоқтату келісіміне қол қойғанын хабарлады. Оның елі келіссөздерде делдал болды.
Израиль билігі мен ХАМАС лаңкестік тобының басшылығы атысты тоқтату және лаңкестер қолындағы кепілге алынғандарды босату туралы келісімге қол қойды. Катар премьер-министрінің айтуынша, соғыс қимылдары 19 қаңтардан бастап тоқтатылады. Бұған дейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху кеңсесі Дохадағы Газа келіссөздеріне қатысушылардың әлі де бірнеше тармақ бойынша келісулері керек екенін хабарлаған.
АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп та қақтығыс тараптарының келісімге келгенін және Хамастың кепілге алынғандары жақын арада босатылатынын хабарлады. "Біз Таяу Шығыстағы кепілге алынғандар бойынша келісімге келдік. Олар жақын арада босатылады", - деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.
Сол күннің басында бірқатар БАҚ, атап айтқанда, The Times of Israel және британдық BBC медиа компаниясы атысты тоқтату туралы келісім жасалып қойғанын және оның «жақын сағаттарда» ресми түрде жарияланатынын жазды.