Израиль өз азаматтарына Қазақстанға бармауға кеңес берген
Израильдің Ұлттық қауіпсіздік штабы берген өз азаматтарына бармау керек елдердің тізімін шығарды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Тізімде Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Оңтүстік Африка және Эритрея бар. Батыс Еуропа елдеріне (Ұлыбританияны, Францияны және Германияны қоса), Оңтүстік Америкаға (Бразилия мен Аргентинаны қоса), сондай-ақ Австралия мен Ресейге қатысты Израиль билігі екі қауіп деңгейін белгіледі. Сонымен қатар қосымша сақтық шараларын қолдану ұсынылды.
Бұл ұсыныстар Газа секторындағы әскери операциялар аясында антисемитизмнің күшеюіне байланысты деп түсіндірді.
Айта кетейік, бұған дейін интернетте қазақстандықтар Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Израильге мұнай экспортын тоқтатуды сұраған петиция пайда болған еді. Петиция мәтінінде «қақтығыстар жалғасып жатқан аймақтарға мұнай сияқты стратегиялық маңызды ресурстарды экспорттауды тараптардың біріне қолдау көрсету ретінде қабылдауға болатыны және Қазақстан әрқашан халықаралық аренада бейбітшілік пен тұрақтылықты жақтайтыны» атап өтілген.