Израиль премьер-министрі Катардан авиациялық соққы үшін кешірім сұрады – БАҚ
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху 9 қықыркүйекте Катар астанасы Дохаға жасалған әуе соққысына бабайланысты Катар премьер-министрінен ресми түрде кешірім сұрады.
Бұл қадам Катардың Газа секторындағы соғысты тоқтату және тұтқындарды босату жөніндегі келіссөздерде Израиль мен ХАМАС арасындағы делдалдықты қайта жалғастыруы үшін басты шарт болған.
Axios басылымының хабарлауынша, Нетаньяху 28 қыркүйек күні Катар үкіметінің басшысы Мұхаммед бин Абдурахман Әл Санияға қоңырау шалып, 9 қыркүйектегі соққы нәтижесінде Катар қауіпсіздік қызметінің қызметкері қаза тапқаны үшін кешірім сұраған. Бұл әрекет Катар егемендігін бұзумен байланысты дипломатиялық жанжалдың шиеленісін бәсеңдетуге бағытталған.
Ресми тараптар бұл оқиғаға қатысты жария түрде мәлімдеме жасаған жоқ. Дегенмен, америкалық және израильдік дидипломаттар Катардың делдалдық миссиясының қайта жандануы келісімге қол жеткізу үшін шешуші рөл атқаратынын айтады.
9 қыркүйектегі әуе соққысы ХАМАС жетекшілеріне бағытталды деп түсіндірілгенімен, нәтижесінде негізінен төменгі деңгейдегі шенеуніктер мен қауіпсіздік қызметкерлері қаза тапқан. Израиль ресми өкілдері нысананың «жоғары лауазымды террористер» болғанын алға тартса да, операцияның ауыр дипломатиялық дағдарыс туғызғанын мойындауға мәжбүр.
Бірқатар араб мемлекеттері Израильдің бұл әрекетін қатаң айыптады.
Нетаньяху АҚШ-қа ресми сапары барысында Дональд Трамппен кездесті. Бұл кездесу Ақ үйдің соғысты тоқтатуға бағытталған кең ауқымды келісімді ұйымдастыру әрекеттерімен тұспа-тұс келіп отыр. Трамптың өзі алдағы күндері бұл жөнінде ресми мәлімдеме жасауды көздеп отырғаны хабарланды.
Сарапшылардың пікірінше, Израильдің Катардан кешірім сұрауы алдағы келіссөздерге жол ашатын маңызды қадам болуы ықтимал.