Израиль шабуылдың әлі де жалғасатынын мәлімдеді
Израиль бейбіт тұрғындар қаза тапқан Газа секторына зымыран шабуылын жалғастыруда және кепілге алынғандарды босатқанға дейін шабуылды тоқтатуға ниеті жоқ, деп хабарлайды Zhasalash.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Газа секторына израильдік шабуылдар күшейген сайын, палестиналықтар арасында өлім саны артып келеді. Жұма күні Газадағы Аш-Шифа орталық ауруханасына іргелес аумаққа зымыран соққысы салдарынан кем дегенде 15 адам қаза тапты. Бұл туралы Жергілікті ақпарат көздері хабарлады.
Израиль әскери күштері ХАМАС командалық орталығына соққы берді деп мәлімдейді.
Сонымен қатар, Израиль Құрлық әскерлері біртіндеп Палестина анклавының әкімшілік орталығын қоршап алды.
Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху ХАМАС содырлары кепілге алынғандарды босатқанға дейін шабуылды тоқтату мүмкіндігін жоққа шығарды.
«Израиль уақытша атысты тоқтатудан бас тартады. Израиль Газаға отын әкелуге жол бермейді және Газа секторына ақша жіберуге қарсы», - деді Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху.
Израильдің шабуылына қарамастан, ХАМАС әлі де Израильдің оңтүстігіне соққы бере алады. Жұма күні Газа секторының шекарасына жақын орналасқан Сдерот зымыранмен атылды. Онда қалаға келген журналистердің ғимараттары мен көліктері зақымданды.