Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:23, 26 Ақпан 2025

Израиль Сирияның оңтүстігіндегі нысандарға әуеден соққы берді

Танк
Фото: Pavel Nemecek/CTK/picture alliance

Израиль қорғаныс министрлігі Сирияның оңтүстігіндегі әскери нысандарға соққы берілгенін хабарлады. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Дамаск маңы мен Дараа провинциясы шабуылға ұшыраған.

Сәрсенбі, 26 ақпанға қараған түні Израиль әуе күштері Сирия аумағына соққы берді. Бұл туралы Израиль қорғаныс министрлігі хабарлап, шабуылдар елдің оңтүстігіндегі әскери нысандарға, соның ішінде содырлардың штабтары мен қару қоймаларына бағытталғанын атады.

«Израиль әскери-әуе күштері біздің Сирияның оңтүстігін тыныштандыру жөніндегі жаңа саясатымыздың бір бөлігі ретінде Сирияның оңтүстігіне ауыр соққылар берудң. Біз Сирияның оңтүстігінің Ливанның оңтүстігіне айналуына жол бермейміз», - деді Израиль қорғаныс министрі Исраэл Катцтың баспасөз хатшысы.

Рейтер агенттігінің жергілікті тұрғындарға, қауіпсіздік көздеріне және Сирияның жергілікті телеарнасына сілтеме жасап хабарлауынша, Израиль 26 ақпанға қараған түні ел астанасы Дамасктен оңтүстікке қарай 20 шақырым жерде орналасқан Кисве қаласына, сондай-ақ Сирияның оңтүстігіндегі Дараа провинциясына шабуыл жасады. Reuters ақпарат агенттігінің жергілікті тұрғындарға сілтеме жасап хабарлауынша, Дамаскінің өзінде қаланың үстінен ұшып бара жатқан ұшақтар мен бірнеше жарылыс дыбыстары естілген.

Израиль әскерлерінің Сирияға кіруі

Сирияның бұған дейін Израиль қорғаныс күштерінің  елдің оңтүстігіне кіруін айыптап, бұл әскерлердің шығарылуын талап етті. 2024 жылы желтоқсанда Сирияда Башар Асад режимі құлағаннан кейін Израильдің құрлық күштері 1973 жылғы соғыстан бері алғаш рет демилитаризацияланған шекара аймағынан өтіп, Сирия аумағына ашық түрде кірді.

23 ақпанда Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху елінің Сирияның оңтүстігінде Асадты құлатқан Хайят Тахрир аш-Шам  тобының және оған қатысы бар кез келген күштердің Сирияның оңтүстігінде болуына шыдамайтынын айтып, аймақты қарусыздандыруды талап етті.

Тегтер: