Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 18:06

Израиль тағы да Газаға соққы жасады: кемінде 18 палестиналық қаза тапты

1
Фото: ашық дереккөз

Al Jazeera мәліметінше, Израильдің Газа секторына жасаған әуе шабуылдары салдарынан кемінде 18 палестиналық көз жұмды. Қаза тапқандардың ішінде үш бала, оның ішінде екі сәби бар.

Соққылардан кейін Палестина Қызыл Жарты Ай ұйымы «Рафах» өткізу бекеті арқылы науқастарды эвакуациялау келісімі тоқтатылғанын хабарлады. Алайда Израиль бұл ақпаратты жоққа шығарып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын «процедуралық кідіріс» үшін айыптады.

ДДҰ дерегіне сәйкес, қазіргі таңда 18 500 адам эвакуацияны күтіп отыр, олардың шамамен 3 мыңы балалар.

Бітім жарияланғанына қарамастан, Израиль атысты тоқтату режимін бұзуды жалғастырып келеді. Газа денсаулық сақтау министрлігі бітім енгізілгеннен бері 529 адамның қаза тапқанын мәлімдеді.