Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:20, 06 Мамыр 2025

Израиль Йеменге соққы жасады — бұл Бен-Гурион әуежайына жасалған шабуылға жауап

Израиль шабуылы
Фото: ашық дереккөз

Израильлік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, Қызыл теңіз жағалауындағы Ходейда портына жасалған шабуылға 30 әскери ұшақ қатысқан. 

«Порт-Сити» деп аталған әскери операция АҚШ-пен алдын ала келісіліп жүргізілген. Әуе соққысы Ходейда портындағы негізгі инфрақұрылым нысандарына — порт аумағы, цемент зауыты мен кемелер тұратын доктарға бағытталды. Израиль тарапы бұл шабуыл Йемен аумағынан келген қауіп-қатерді бейтараптандыруға бағытталғанын мәлімдеді.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнематериалдар мен фотосуреттерде жарылыстардан кейінгі күйреген ғимараттар мен өртеніп жатқан аймақтар көрінеді. Хуситтер шабуыл салдарынан бейбіт тұрғындар зардап шеккенін хабарлап, бұл әрекетті айыптады. Өз кезегінде Израиль тарапы тек әскери және стратегиялық маңызы бар нысандарға соққы жасалғанын алға тартады.

Бұл жағдай аймақтағы шиеленісті одан әрі күшейтіп отыр. Сарапшылардың пікірінше, Йемен мен Израиль арасындағы бұл текетірес Таяу Шығыстағы қауіпсіздік ахуалына әсер етуі мүмкін.

АҚШ операцияны қолдағанымен, аймақтағы тұрақтылықты сақтау қажеттігін де ескертті. БҰҰ өкілдері бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдіріп, тараптарды сабырға шақырды.

Тегтер: