Израильдің Газадағы босқындар лагеріне жасаған шабуылынан 400 адам қаза тапты
Израиль Газадағы босқындар лагеріне шабуыл жасады.
Шабуылдан 400-ден астам палестиналық қаза тапты, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
31 қазан күні Израиль әуе күштерінің Газа секторындағы Джабалия босқындар лагеріне жасаған соққысынан 400-ге жуық адам қаза тапты. Бұл деректі ХАМАС бақылауындағы Ішкі істер министрлігі берді.
Израильдің соғыс ұшақтары Газа секторының солтүстігіндегі Джабалия босқындар лагеріндегі ауданға әрқайсысында мың тонна жарылғыш заты бар жеті бомба тастаған, бұл туралы ведомствоның ресми баспасөз хатшысы мәлімдеді.
«Израильдің бомбалауы салдарынан аудан толығымен жойылды. Жердегі операцияның бір бөлігі ретінде Израиль армиясы қарқынды әуе шабуылдары кезінде Газа секторының бірнеше аймағына тереңдей еніп, ілгері жылжыды», - деді И.әл-Бозом.
Ол Израиль армиясының техникасы Газа қаласы мен анклавтың солтүстік бөлігін оңтүстіктен кесіп тастау үшін әл-Рашид көшесіне қарай жылжып жатқанын айтты.
Израиль қорғаныс күштері мәлімдемесінде Израиль армиясының «Газа секторының тереңінде» Хамасқа қарсы «қатты шайқас» жүргізіп жатқанын атап өтті.