Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:31

Израильдің Газаға соққысынан 11 палестиналық қаза тапты

1
Фото: Reuters

Сәрсенбі күні Израиль әскерінің Газа секторына жасаған әуе соққылары салдарынан кемінде 11 палестиналық қаза болды.

Құрбандар арасында екі бала, үш журналист және бір әйел бар. Тағы алты адам түрлі деңгейдегі жарақат алған.

Жергілікті денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, қаза тапқан журналистер орталық Газа маңында түсірілім жүргізіп жүрген. Олардың бірі AFP агенттігімен тұрақты жұмыс істеген. Осыған байланысты AFP өз қызметкерінің өлімі бойынша толық әрі ашық тергеу жүргізуді талап етті.

Израиль әскері аталған көлікте отырғандар дрон арқылы барлау жүргізді деп мәлімдеді. Алайда журналистік ұйымдар мен құқық қорғаушылар бұл уәжге күмән келтіріп отыр.

Бұдан бөлек, Газаның әр өңірінде болған жекелеген шабуылдарда бір отбасының бірнеше мүшесі, сондай-ақ 13 жастағы бала қаза тапқан. Агенттіктер таратқан дерекке қарағанда, соңғы айларда қаза болған палестиналық журналистер саны 200-ден асқан.

Палестина тарапы бұл оқиғаларды АҚШ араағайындығымен жасалған бітімнің қайта бұзылуы деп бағалап отыр.

Тегтер: