«Jas Otan» жастар қанатының жаңа төрағасы сайланды
Партия көшбасшысыНұрсұлтан Назарбаевтың келісімімен «Jas Otan» жастар қанатының төрағасықызметіне Елнұр Бейсенбаев сайланды.
Жастар қанаты орталық кеңесі мүшелерінің қатысуыменөткен жиында партия төрағасының бірінші орынбасары «Jas Otan» Жастар қанатыныңалдында жаңа мақсаттар мен міндеттер тұрғанын алға тартты.
«Еліміздің жарқын болашағы үшін жасотандықтар үздіксізқызмет етуі тиіс. Партиямыздың төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мәслихаттың барлықдеңгейінде жас депутаттар санын 20%-ға дейін көбейту қажеттігін айтты. Бұлретте «Jas Otan» жастар қанатының рөлі ерекше. Аталған тізімде жасотандықтаралғашқылардың бірі болып тұруы қажет. Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен 2020жыл «Волонтер жылы» болып жарияланды. Осы орайда, «Jas Otan» еліміздегі ең іріжастар ұйымы ретінде, волонтерлік қозғалысты өрлетуде алдыңғы қатарда тұруытиіс», — деді Бауыржан Байбек.
Сондай-ақ, оләзірленіп жатқан 2020-2025 жылдарға арналған «Жастар-Отанға!» бағдарламасындабілім алу, жұмысқа орналасу, баспана сияқты т.б. жастар үшін өзекті мәселелерқамтылатынын жеткізді. Осы орайда, барша Қазақстан жастарына арналғанбағдарламаның жобасын әзірлеу жұмыстарына әрбір ауылдың, ауданның, қаланыңжастары атсалысуы қажет екенін ерекше атап өтті.
Елнұр Бейсенбаевтыңжастар саясатында тәжірибесі мол. Студенттік жылдары жастар ұйымдарыныңбелсенді мүшесі болған. Ол мемлекеттік қызметте және үкіметтік емес ұйымдардада жұмыс істеді.
Осыған дейін «JasOtan» ЖҚ төрағасы қызметін атқарған Дәулет Кәрібек президенттік кадрлық резервтізіміне еніп, енді өзінің жастар саясатындағы мол тәжірибесін мемлекеттікқызмет саласында іске асырады.
Жастарды жан-жақтықолдау мақсатында жастар жылының қортындысы ретінде 300 білікті жастардантұратын президенттік кадрлық резерв жасақталды. Бұл – еліміздегі білімді жәнебілікті жастарды қолдауға бағытталған маңызды шешім. Партия мен жастарқанатының мақсаты – бәсекеге қабілетті болуды, қоғамға пайда келтірудіойлайтын, Отан үшін жауапкершілік алуға дайын жастарға әлеуметтік лифт жасау.
«Әрбір жастың жеке жетістігі – тұтас Отанымыздың табысы»деген тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жастарға әрдайым айрықша көңілбөлетінін білесіздер. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жастаржылы аясында ең көп жастар шоғырланған Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентқалаларында жұмыс істейтін жастарға 3 мың пәтер берілді. Сондай-ақ, алдағы үшжыл ішінде пәтер саны 9 мыңға ұлғайып, басқа аймақтарды да қамтитын болады», — деді Бауыржан Байбек.
Фото автордікі.