Jeju Air компаниясының тағы бір ұшағы әуеге көтерілгенде шассиі істен шықты

Оңтүстік Кореяның Jeju Air әуе компаниясының ішкі рейсін орындаған дәл осындай үлгідегі ұшағы шассидегі ақауға байланысты ұшып шығу әуежайына қайтып оралды.
Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлады.
Гимподан Чеджу қаласына ұшқан Boeing B737-800 бортында шассидегі ақау ұшқаннан кейін көп ұзамай анықталды. Содан кейін ұшақ әуежайға қайта оралған.
Бортта 161 жолаушы болған. Әуе компаниясы рейс басқа ұшақта орындалатынын айтты.
Айта кетейік, 29 желтоқсанда Бангкоктан Оңтүстік Кореяның Муан қаласына ұшып келе жатқан Jeju Air әуе компаниясының Boeing 737-800 ұшағы Муан әуежайына қону кезінде апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ апаты жергілікті уақыт бойынша 09:07-де болған. Ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қоршауға соғылған.
Ұшақ апатынан 179 адам нқаза тапты, елде жеті күндік аза тұту жарияланды.