Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:00, 14 Маусым 2024

JobEscape стартапы тағы да 250 мың доллар инвестиция тартты

JobEscape

Әлемнің дамуында қазір жасанды интеллект (ЖИ) ерекше орын алады. Сондықтан болар қазір кез келген ел жасанды интеллектті дамытуға ерекше көңіл бөліп жатыр.

ЖИ қазір өндірістің барлық салаларында қолданылады. Мысалы, 2026 жылға қарай ЖИ әлемдегі кәсіпорындардың 80 пайызын иеленеді екен. Қазір бұл көрсеткіш 5 пайыздан аспайды. Болашақта тек ЖИ ғана жұмысшы күші болып қалуы мүмкін. Сонымен бірге ЖИ адамдардың өмірін жеңілдетуге, оларға жұмыс тауып беруге де көп көмегін тигізеді. Қазақстан да кейінгі уақытта жасанды интеллектті дамытуға назар аудара бастады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та үкіметте сөйлеген сөзінде экономиканы цифрландырудың және жасанды интеллект технологияларын кеңінен қолдануды қамтамасыз етудің аса маңыздылығын атап өткен болатын.

«2023 жылдың соңында қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 88 пайыз болды, ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 50 пайызға жетпейтін еді. Төрт жыл ішінде Қазақстанда финтех қарқынды дамыды Мұндай серпіліс экономиканың басқа секторлары үшін үлгі болуы керек – оларды цифрландыруға шындап кірісетін кез келді», - деген еді Мемлекет басшысы.

Қазіргі күнде елімізде де ЖИ-ға негізделген түрлі стартаптар жұмыс істейді. Оны әлемнің АҚШ, Канада, Аустралия сияқты елдері пайдаланады. Сондай стартаптардың бірі – JobEscape деп аталады. Бұл стартап ЖИ көмегімен фрилансерлік мансап үшін қызметтерді үйреттетін платформа. Қазіргі күнде жоба сәтті қызмет көрсетіп түрлі қорлардың назарын өзіне аударып, ақша тартып жатыр. Мысалы, 15 маусымда платформа Tumar Venture LP венчурлық қорынан 250 мың АҚШ долларын тартуға қол жеткізді. JobEscape осымен екінші рет аталған қордан ақша алды. Қазір Tumar Venture LP стартапына салынған инвестицияның жалпы сомасы 450 мың долларды құрайды.

Аталмыш қор JobEscape-ке инвеститция құюдағы себеп платформа 10 мың жоллардан 1 млн долларға дейін ұқалай дамығанын көргеннен кейін себеп болған.

«Біз стартаптың миллиард долларлық компанияға айналу әлеуеті бар екеніне сенімдіміз», - дейді Tumar VF бас директоры Аслан Сұлтанов.

Сонымен қатар, JobEscape БАӘ инвесторларынан – Oraseya Capital венчурлық қорынан және бизнес көздерден 350 мың доллар жинаған.. Тағы 100 мың долларды Caucasus Ventures қоры мен бірнеше бизнес көздер инвестициялаған. JobEscape бас директоры және тең құрылтайшысы Мирас Советов алынған қаражат команданы кеңейтуге және маркетингке жұмсалатынын айтады.

Стартап өз кірісін жылына 5-6 есе арттыруды жоспарлап отыр. Яғни, кірісін 1 млн доллардан 5-6 млн долларға арттыруды көздейді.

«Бұл инвестициялар клиент тартатын базаны ұлғайтуға және платформадағы ЖИ құралдарының санын көбейтуге көмектеседі. Жобаға БАӘ мен Әзірбайжаннан инвесторлар енді, бұл оның әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін растайды. Келесі қадам одан әрі өсу және даму үшін америкалық қорлардан ақша тарту қадамы болады», - деп атап өтті Мирас Советов.

Айта кетейік, Tumar – Қазақстандағы ең ірі жеке венчурлық қор. Әрбір стартап-жобаға орташа инвестиция шамамен 500 мың долларды құрайды.