Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
05:36, 15 Қыркүйек 2022

Jusan банк теңгені менсінбей ме?

None
None

Жуырда аудандағы Jusan банктің бір филиалына бас сұқтым. Шаруам үйде жиналып қалған 1, 2 тиындық теңгелерді өткізу.

Содан күзетшіден рұқсат алдым да кассаға бардым. Онда отырған қазақ қызына жағдайды айттым. Жалпы құны 200 теңге болатын 1,2 тиындық теңгелерді әкелгенімді, соларды алуды өтіндім. Нағыз қызық осы жерде басталды!

           – Бізде мұндай тиындарды көп, алмаймыз, – деді ол алдымен.

          – Неге, бұл банк қой. Жыртылған, бүлінген ақшаны, егер оның суреті, жазуы толық күйінде сақталса, алып, басқасын беруге міндеттісіздер. Сол сияқты, меніңше, мынадай тиын теңгені де алуларыңыз керек. Себебі, бұларды қазіргі қаптаған жеке дүкендер қабылдамайды. Сонда не далаға апарып шашып тастайын ба? Бұл тәуелсіз елдігіміздің, мемлекеттілігіміздің рәмізіне жататын бір белгісі емес пе?! – дедім сол сәтте күйіп кетіп.

    Әлгі қыз телефон арқылы біреумен сөйлесті де бетіме бажырая қарап:

          – Жарайды, аламыз, бірақ 200 теңгеге 1000 теңге комиссия төлейсіз, – дегені. Мұны естігенде, шынымды айтайын, құлап қала жаздадым! Ойпырай, бұл қалай? Екі жүз өткізіп, ол үшін банкке мың теңге төлеймін бе сонда?! Осыны түсінбей дал болдым да тілім байланып, банктен тұра қаштым жалма-жан...

          Жақын маңдағы басқа банкке барып едім, ондағы кассадағы отырған қыз жылы жүзбен күлімсірей қарсы алды. Ешқандай комиссиясыз қолыма тұтас екі жүз теңге ұстатты, тіпті, рақмет айтуды да ұмытпады.

 Әрине, бұл екі жүз теңгеден байып кетпеймін. Ойым1,2 теңгелік тиындар босқа шашылып, аяқасты болмасын, жатса, тиісті жерінде жатсын дегенге сайып бардым ғой банкке.

          Мүмкін, менің қаржы жүйесінен, ақша-несие саясатынан хабарым аздау болар, банктердің «ішкі құпиясын» білмейтін шығармын… Әйтеуір, басымнан осындай жайсыз жағдай өтті, тіпті, ол патриоттық көңіл сезіміме де дақ салғандай...

Тегтер: