Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:42, 10 Шілде 2024

«K-Dorstroy»-дан мемлекетке 1 млрд 67 млн теңге өндірілді

а
Фото: pixabay

Алматы облысында келісім шарт талаптарын орындамаған «K-Dorstroy» акционерлік қоғамынан мемлекетке 1 млрд 67 млн теңге өндірілді.

Прокуратура мәліметінше, аталған АҚ Алматы облысының Іле ауданындағы «Жетіген» аэродромының ұшу алаңына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге міндеттенген, бірақ келісім шарттарын орындамаған.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Қорғаныс министрлігінің «K-Dorstroy» АҚ-на 1 млрд 36 млн теңге көлемінде аванстық төлем және 31 млн теңге сомасында тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылды, делінген хабарламада.

Сот шешімін ұзақ уақыт орындамауына байланысты Бас әскери прокуратура бірқатар шаралар қабылдап, әділет органдарына қадағалау актісін енгізген.

Нәтижесінде, залал толық көлемде өтеліп, борышкер мемлекет кірісіне 1 млрд 67 млн теңге аударды.

Тегтер: