Каирде қазақ әдебиетінің араб тіліндегі антологиясы таныстырылды

17 қарашада КаирдегіМысыр мәдениет істері жөніндегі жоғарғы кеңесінде қазіргі қазақ поэзиясы мен прозасы антологиясының орыс тіліндегінұсқасының тұсаукесер рәсімі өтті.
Қазақ әдебиеті жинағының араб тілінеаудармасы мен басылымын көркем аудармасаласындағы тәжірибелі мысырлық мамандардың қатысуымен Мысыр мәдени істеріжөніндегі орталығы мен «МедиаХаб» баспа үйі орындады. Антологиялар алғысөзініңавторы ЮНЕСКОжанындағы АLECSO (Араб лигасы мемлекеттеріндегі ғылым,білім және мәдениет істерін үйлестіру) ұйымының бас директоры доктор Мұхаммед ульдОмар.
«МедиаХаб» баспасынан жарық көргенқазақ прозасы мен поэзиясының жинақтары Араб Лигасына мүше 22 мемлекеттің 4 мыңғажуық кітапханасы, университеттері мен ғылыми орталықтарына жеткізіледі. Бұлшамамен 500 миллион оқырман аудиториясы.
Таныстырылымға Мысыр Мәдениет істері жөніндегіЖоғары кеңесінің Бас хатшысы Хишам Азми, АLECSO ұйымының араб зерттеулер институтыныңдиректоры Али Хафиян қатысты. Қазақстан тарапынаншараға ҚР Президентінің көмекшісі Аида Балаева, ҚР Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі АрманИсағалиев, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасы Ұлықбек Есдәулет және Ұлттықаударма бюросының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы қатысты.
Заманауи қазақ әдебиетінің үздікүлгілерін БҰҰ 6 тіліне аудару жобасы «Жаһандағы замануи қазақстандық мәдениет»жобасы аясында жүзеге асуда. Жоба Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтыңбастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды бағытыболып табылады. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасының міндеті –қазіргі заманғы Қазақстанның әдебиет, музыка, бейнелеу өнері, хореография, киножәне театр салаларындағы мәдени қазыналарын әлем жұртшылығына таныстыру.
Кітаптарды таныстыру салтанатындасөз сөйлеген Аида Балаева:
«Араб әлемі мен біздің халқымызды ислам діні ғана емес, сан мың жылдық басқа да жан-жақтықатынастар байланыстырады. Қазақ жерінде дүниеге келген Әл-Фараби мен Сұлтан Бейбарыстыңесімдері сіздерге ежелден таныс. Бүгін осы тарихи тамырластықты жаңабелеске көтеретін мүмкіндік тууда. Сіздерқазақ әдебиеті арқылы біздің халқымыздытереңірек тани аласыздар. Қазақстанның тұңғыш президенті НұрсұлтанНазарбаев мәдениетімізді жер жүзіне таныстыру туралы жобаны ұсынғанда арабәлеміне де баса назар аударды. Елбасының тапсырмасымен, қазақ әдебиетінің таңдаулы туындылары Біріккен Ұлттар Ұйымының6 тіліне аударылып, жарыққа шықты», – деді.
Жоба туралы:
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының бірбағыты – «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасыаясында қазіргі қазақ әдебиетінің қос антологиясы аударылып, жарық көрді. Олар – «Қазіргі қазақпрозасының антологиясы» және «Қазіргі қазақ поэзиясының антологиясы». Әр антологияның көлемі – шамамен 500 беттей,әрқайсысына 30 қазақстандық автордың таңдамалы шығармасы енді.