Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:45, 08 Қазан 2024

Қала тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясына белсенді атсалысуда

1

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Қызылорда қаласындағы Мұратбаев көшесі №15,17 көпқабатты тұрғын үйлер тұрғындары мен ПИК қызметкерлері бірлесіп, өз тұрғын аудандарында тазалық акциясын ұйымдастырды. 

Аумақты абаттандыруға 50-жуық тұрғын жиналды. Акцияға қатысушылар аула тазалап, әктеу және сырлау жұмыстарын жүргізді. 

«Біз бұл акцияны экологияға қамқорлық өзімізден басталатынын көрсету үшін өткізуді шештік», - дейді белсенді тұрғындар және олар барша қала халқын акцияға атсалысуға шақырды.

Дәл осындай акция Абай даңғылындағы 47 үйдің ауласында жалғасын тапты. 

1

Бұл көпқабатты тұрғынүйлердің ауласында өткен жылы «Қыран» ЖШС-мен абаттандыру және ойын алаңын салу жұмыстары жүргізілген болатын. 

1

Айта кету керек, облыста «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы басталғалы оған 548 299-дан астам облыс тұрғыны қатысты.

21360 тоннадан астам қоқыс шығарылып, 505 алаң мен саябақтар, 225 тарихи ескерткіштер аумақтары, 791 әлеуметтік нысан, 1130 өндірістік және кәсіпкерлік нысан, 294 су айдындары, 47451 аулалар мен көшелер тазартылды. 

548 арнайы техникалар қолданылып, 129 358 ағаш көшеттері отырғызылды.

Нұрбек Дәуренбеков,
Қызылорда қаласы