Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:53

Қамауға алынды деп хабарланған Мұрат Нұртілеу парламентке келді

Мұрат Нұртілеу
Фото: ашық дереккөз

Жақында қамауға алынды деп хабарланған Сыртқы Істер Министрі Мұрат Нұртілеу парламентке келіп, тілшілер сұрағына жауап берді. Ол кәсіпкер Хаджи Хаджиевпен дос емес екенін де айтты.

 

М. Нұртілеу кейінгі күндері тараған «министрді ұстады» деген хабарға да түсініктеме берді.

 «Бұл өтірік пен абсурд. Айтатын ештеңе жоқ. Сол күні мен жұмысымда отырдым, шетелдік әріптестермен сөйлестім, инвесторлармен кездестім. Бәрі әдеттегідей өтті. Біз құқықтық зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, барлығын құзырлы органдар қарайды», - деді ол журналистерге.

 

Айта кетейік, 4 қыркүйекте Orda.kz және бас редактор Бажкенова КНБ-нің жоғары лауазымды қызметкерлері, сондай-ақ вице-премьер – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Хаджи Хаджиев ұсталды деген ақпарат таратқан еді. Бұл деректі кейіннен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Сыртқы істер министрлігі және ҰҚ ресми түрде жоққа шығарды.

5 қыркүйекте СІМ Мұрат Нұртілеудің кездесуде отырған суретін жариялады. Алайда Орда басылымы оның ескі сурет екенін жазды.