Камчатка маңында тағы да жер сілкінді

Тынық мұхитында Камчатка жағалауында 6,3 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады Ресей ғылым академиясының Бірыңғай геофизикалық қызметі.
Тынық мұхитында Камчатка жағалауында 30 шілдеде күшті дүмпулерден кейін 6,3 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Telegram-да 31 шілдеде Ресей ғылым академиясының (РҒА) Бірыңғай геофизикалық қызметінің Камчатка бөлімшесі хабарлады.
Жер сілкінісінің ошағы Петропавл-Камчатский қаласынан шығысқа қарай 178 шақырым жерде, 39,4 шақырым тереңдікте орналасқан.
Өткен түнде сейсмологтар 200-ден астам жер сілкінісін тіркеді.
Айта кетейік, Сәрсенбі, 30 маусымда Камчатка маңында 1952 жылдан бергі ең күшті жер сілкінісі болды. Геофизикалық қызметтің Камчатка бөлімшесі оның магнитудасы 8,7-ге жеткенін хабарлады. АҚШ геологиялық қызметі оны 8,8 деп бағалады. Америкалық сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Камчатканың шығыс жағалауынан шамамен 136 шақырым жерде, 19,3 шақырым тереңдікте болған.