Бүгін, 13:15
Камчыбек Тәшиев Айт-намазға қатысып, қырғызстандықтардан кешірім сұрады
Қырғызстанның бұрынғы ҰҚҚ төрағасы әр отбасыға бейбітшілік, бақ-береке мен молшылық тілеп, бірлік пен өзара түсіністіктің маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, ол қасиетті күндерде кешіру мен рухани тазалықтың маңызын айтты.
«Егер мен қателесіп, біреуді ренжіткен болсам, кешірім сұраймын. Қасиетті Ораза айында әртүрлі қауесет таратқан және жала жапқан адамдарды Алланың разылығы үшін кештім. Келесі жолы олар мұндай қадамға бармай, шындыққа сәйкес емес ақпарат таратпайды деп үміттенемін. Жаратушы олардың жүрегін иманмен толтырсын! Баршаңызды мерекемен құттықтаймын!», - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Ташиевтің Қырғызстанға оралып, тергеуге шақырылғаны хабарланған болатын.