Канада Қазақстаннан шешен белсендісіне саяси баспана беруді сұрады
Канададағы Ұлттардың антиимпериялық блогы комитеті Қазақстан билігіне үндеу жасап, Шешенстаннан шыққан оппозициялық белсенді Мансур Мовлаевқа саяси баспана ұсынуды сұрады.
Адвокат Мұрат Адамның айтуынша, тиісті өтініш Қазақстанның Канададағы елшілігіне жолданған. Хатта комитет өкілдері Мовлаевтың Ресейде саяси қудалауға ұшырап отырғанын және оның өміріне нақты қауіп төніп тұрғанын атап өткен.
Сондай-ақ белсендіні Шешенстанға экстрадициялау оның өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіреді деп есептеледі. Бұл уәждерді растау мақсатында адвокаттар Қазақстанның Канададағы дипломатиялық өкілдігіне жолданған комитеттің ресми хатын жариялаған.
Еске салайық, Мансур Мовлаев 2020 жылы Шешенстан билігін ашық сынағаннан кейін Ресейде есірткі сақтады деген айыппен сотталған.