Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:12

Канада Познерге қарсы санкция салды

1
Фото: из открытых источников

Тележүргізуші Владимир Познер, Ахмат Қадыров атындағы қор, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрінің орынбасары және басқа да жеке тұлғалар мен компаниялар Украинадағы соғыстың 3 жылдығына орайластырылған Канаданың жаңа санкцияларына ұшырады.

Жалпы, дүйсенбі, 24 ақпанда Канаданың санкциялық тізіміне 33 адам мен 44 компания, сондай-ақ ресейлік «көлеңкелі флоттың» 109 танкері қосылды.

Оның ішінде атақты шаңғышы, Ресей шаңғы жарыстары федерациясының президенті Елена Вьяльбеге, Ахмат Қадыров атындағы Қорға, Артекке, Интернетті дамыту институтына, Ресей Аэроғарыш күштеріне және радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлеріне шектеулер қойылды.

Сонымен қатар Қытай, Кипр және Иран компаниялары да санкцияға ұшырады. Солардың бірі – Iran Air.

Тегтер: