Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:47

Канада премьері Нетаньяху еліне келсе, тұтқындалатынын мәлімдеді

Биньямин Нетаньяху
Биньямин Нетаньяху. Фото: Sean Gallup / Getty Images

Канада үкіметі ел аумағына Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху кірген жағдайда, Гаагадағы Халықаралық қылмыстық соттың ордерін орындайтынын мәлімдеді.

 Бұл туралы Канада премьер-министрі Марк Карни Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында айтты.

«Канада халықаралық құқық нормаларына және халықаралық сот саясатымен бірігіп әрекет етеді. Егер Нетаньяху Канадаға келсе, Халықаралық қылмыстық соттың ордеріне сәйкес тұтқындалады», — деді Карни.

 Халықаралық сот шешімін растады

Өткен аптада Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Израиль үкіметінің шағымын қарастырып, Биньямин Нетаньяху мен бұрынғы қорғаныс министрі Йоав Галлантқа қатысты шығарылған қамауға алу ордерлерін күшінде қалдырды.

Сот өз шешімінде “соғыс қылмыстары мен адамзатқа қарсы қылмыстар жасалды деген негіз бар” деп мәлімдеді. Бұл айыптар Газа секторындағы соғыс пен бейбіт тұрғындарға қарсы шабуылдарға байланысты.

Израиль билігі бұл шешімді “саяси мақсаттағы әрекет” деп бағалап, ХҚС-ты “антисемиттік және біржақты институт” деп айыптады.

 Геноцид ісі және халықаралық реакция

2024 жылдың қараша айында Халықаралық қылмыстық сот Биньямин Нетаньяху мен Йоав Галлантқа қатысты ресми түрде соғыс және адамзатқа қарсы қылмыстар жасағаны үшін ордер шығарған болатын.

Бұған дейін, 2023 жылдың желтоқсанында Оңтүстік Африка Республикасы Израильге қарсы Халықаралық сотта “Геноцид конвенциясын бұзды” деген шағым түсірген еді.

Бұл іс кейіннен АҚШ президенті Дональд Трамп жариялаған бітім аясында уақытша тоқтатылған. Алайда, 2024 жылдың қаңтарынан мамырына дейін ХҚС үш мәрте уақытша шаралар енгізу туралы шешім қабылдады, оның ішінде:

  • Геноцидті дереу тоқтату,

  • Әскери операцияларды доғару,

  • Газаға гуманитарлық көмекті кіргізуге рұқсат беру туралы тармақтар бар.

Канада — Палестинаны ресми мойындаған мемлекеттердің бірі

2025 жылдың 21 қыркүйегінде, БҰҰ Бас ассамблеясы отырысы қарсаңында, Канада үкіметі Палестина мемлекетін ресми түрде мойындады.

Бұл шешім Британия, Аустралия және Португалиямен келісімде қабылданған. Карни үкіметі бұл арқылы “Таяу Шығыстағы бейбіт процесті қайта бастауға” ниетті екенін мәлімдеді.