Канадада жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонды
Ұшақтың шассиінде ақау шығып, сол қанаты өртенген. Зардап шеккендер жоқ, бірнеше адам жеңіл жарақат алған. Әуежай екі сағатқа жабылған.
Канаданың Галифакс әуежайы жолаушылар ұшағына қатысты оқиғаға байланысты уақытша жабылды. Себебі, PAL Airlines 2259 Air Canada Express рейсі апатқа ұшыраған.
«Барлық жолаушы мен экипаж мүшелері түсіріліп, әуежайдан шығарылды», - делінген хабарламада.
CBC News хабарлағандай, ұшақ ұшу-қону жолағында сырғып кетіп, оның сол қанаты өртеніп кеткен. Жолаушылардың бірі Никки Валентин телеарнаға қону кезінде шассидің бір дөңгелегі істен шыққанын айтқан.
«Ұшақ 20 градус бұрышпен солға бұрыла бастады және біз жерге қонған кезде қатты дыбыс естідік, бұл соққыға ұқсайды, дыбыс ұшақтың қанаты жолақта сырғана бастағанда шықты. Алғашында бұл қозғалтқыштың дауысы деп ойладық», - дейді жолаушы.
Валентиннің айтуынша, ұшақ содан кейін «қатты шайқалып», сол қанаты өртеніп кеткен. Салоннан түсірілген кадрларда сол қанаттың өртеніп жатқаны байқалады.
Air Canada баспасөз хатшысы Питер Фицпатрик La Presse басылымына ұшақта 73 жолаушы болғанын хабарлаған. Эвакуациядан кейін жолаушылар мен экипаж мүшелеріне медициналық көрсетілген.