Бүгін, 16:32
Қанат Бозымбаев өзін вице-министр болады деген сұраққа жауап берді
Брифинг барысында вице-премьер Қанат Бозымбаев вице-президент қызметіне тағайындалуы мүмкін деген сұраққа жауап берді. Оның айтуынша, мұндай лауазым әзірге қарастырылып отырған жоқ.
Ол өз қызметіне қанағаттанатынын айтып, «жаман солдат генерал болғысы келмейді» деген сөзді мысалға келтірді.
"Жаман солдат генерал болғысы келмейді" деген сөз бар. Бірақ менде қазірдің өзінде «генералдық» деңгейдегі қызмет бар. Сондықтан осы жұмысқа қанағат. Бізде кейде әкімді жаңа тағайындаса да, үш ай өтпей жатып оның қайда кететінін, орнына кім келетінін талқылай бастайды», - деді ол.