Қанат Қайыпбек Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қанат Қайыпбек Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қанат Қайыпбек 1984 жылы Түркістан облысының Төлеби ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді, Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде көшірме-көбейту техникасы бөлімінің меңгерушісі қызметінен бастаған.
2005–2009 жылдары аталған департаментте сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің бас маманы, сондай-ақ жиынтық-талдамалық бөлімнің бас маманы қызметтерін атқарды.
2009–2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында ақпараттық технологиялар бөлімінің, кейін ауылдық аумақтарды дамыту бөлімінің басшысы болды.
2013–2018 жылдары осы басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2018–2019 жылдары – Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары,
2019–2020 жылдары – Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы басшысының орынбасары,
2020–2021 жылдары – Шымкент қаласының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2021 жылдан бері Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.