Бүгін, 14:47
Қанат Шарлапаев тағы бір қызметінен босатылды

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесінің құрамы өзгерді.
KASE сайтында жарияланған ресми құжатқа сәйкес, 2025 жылғы 25 қыркүйектегі шешіммен Қанат Шарлапаев директорлар кеңесінен шығарылды. Естеріңізге салсақ, бірнеше күн бұрын Тоқаев оны Президенттің көмекшісі қызметінен де босатқан еді.
Айта кетейік, Шарлапаев бұл лауазымға биылғы сәуір айында ғана тағайындалған болатын.
Өзгерістерден кейін «Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесі алты адамнан тұрады:
-
Олжас Бектенов – премьер-министр, кеңес төрағасы;
-
Вонг Хэн Файн – тәуелсіз директор;
-
Нұрлан Жақыпов – «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы;
-
Болат Жәмішев – тәуелсіз директор;
-
Лука Сутера – тәуелсіз директор;
-
Мохаммед Джамиль әл-Рамахи – тәуелсіз директор.