«Канело» - GGG: Үшінші жекпе-жек болады

15.01.2019, 00:12

366

Сауль Альварес (51-1-2, 34 КО) пен Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) арасындағы аты шулы жекпе-жек жалғасын табады. Бұл туралы соңғы күндері әлемдік басылымдар сенімді жаза бастады.Мұндай сенімді пікірге себеп болып отырған басты оқиға – Головкиннің DAZN-мен келісім-шартқа отыруы. Ал, бұл DAZN өткен күзде ғана Альвареспен де келісім-шартқа отырған.Әлемнің спортсүйерлері асыға күтіп жүрген бұл жекпе-жектің қалай да болатыны жайлы HBO-ның комментаторы Рикардо СЕЛИС те растап отыр деп хабарлайды vesti.kz.«Канело» — GGG-дің үшінші кездесуіне дайындалыңыздар. Головкин жаңа ғана DAZN-мен келісім-шартқа қол қойды. Барлық жол мамырға, дәл сол T-Mobile Arena-ға нұсқап тұр», — дейді комментатор.Бұдан бұрын Альварестің ісін жүргізіп отырғар Оскар Де Ла Хойя Головкинмен үшінші кездесуді өткізу тіралы келісім-сөздерді жүргізуді бастағанын айтқан.Дегенмен, бұл алғашқы келісім-сөзден кейін ол твиттерде «Головкиннің Альвареспен шыққысы келмейтін сияқты. Бұрынғыдай жеңіл кездесулерді қалайды. Уақыт көрсетеді, достар», деп жазған болатын.Бұл жағдайды сарапшылар алғашқы келісім-сөздің онша сәтті өтпегенінің көрінісі деп болжап жатыр. Дегенмен, екі боксшының да DAZN-мен жұмыс істейтінін ескерсек, енді келісімге келу әлдеқайда оңайлай түседі деп күтуге болады.Мексикалық боксшының командасы 4-мамырға T-Mobile Arena-ны брондап қойған. Головкин де 2019-дың мамырында рингке шығатынын айтқан.Головкин мен Альварес бұған дейін екі мәрте кездесіп, алғашқысы тең, екіншісі қазылардың басым даусымен мексикалықтың пайдасына шешілген.Әлемдік бокс сарапшылары Головкиннің Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізуі үшін – DAZN-мен келісім-шарт жасасуы керек екенін айтқан. Келісім-шарт дайын, «Канело» жағы алғашқы мәлімдемесін жасады. Енді GGG-дің сөзін күтеміз...Фото: nur.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

13.05.2020, 05:46
Қайрат Тұрлыханов өмірден озды
11.05.2020, 12:13
Илья Ильин спорттық карьерасын аяқтады
26.04.2020, 08:43
Илья Илин қайырымдылық акциясына үлес қосты
25.04.2020, 08:01
Футболшылар маскамен ойнайды
24.04.2020, 07:11
Не қымбат: футбол ма, адам ба?
21.04.2020, 10:23
Жақсының жалғасы едіңіз аға

Аңдатпа


  • Ораловтың барында...
    06.06.2023, 10:17
  • Ұстағанның қолындағы, тістегеннің аузындағы қазақ ураны
    06.06.2023, 09:46
  • Жалған кәсіпкерлер, алаяқ аналар
    06.06.2023, 09:00
  • Өзбекстан қай жолды таңдады?
    02.06.2023, 10:15
  • Жұманғариннің жиналыстары. Бас шұлғитын әкімдер, орындалмайтын тапсырмалар
    01.06.2023, 10:11