Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:15

Ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен күдікті Грузиядан экстрадицияланды

1
Фото: скриншот

Қазақстанның Бас прокуратура мен Интерполдың Ұлттық орталық бюросы қызметкерлері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Грузия аумағынан ауыр қылмыстарға қатысы бар Ресей азаматын экстрадициялады.

Күдікті 2022 жылы Алматы қаласында азаматтарды ұрлау және олардың мүлкін күш қолдану арқылы иемдену қылмыстарына қатысқан деген күдікке ілінген.

Тергеу дерегінше, ол үш жылдан астам уақыт бойы құқық қорғау органдарынан бой тасалап, халықаралық іздеуде болған. 2025 жылғы қыркүйекте күдікті Грузияда ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмыстар үшін жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру, сондай-ақ мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.