Бүгін, 16:39
Қаңтарда қазақстандықтар қай елдерге ақша аударды?
Қазақстан Ұлттық банкі мәліметінше, 2026 жылдың қаңтарында халықаралық ақша аударым жүйелері арқылы 114,2 мың транзакция жасалып, жалпы көлемі 39 млрд теңгені құрады.
2025 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда операция саны 30,5%-ға, ал ақша көлемі 36,6%-ға азайған.
Қазақстаннан шетелге 37,9 млрд теңге жіберілген. Ең көп қаражат бағытталған елдер:
Ресей – 16,7 млрд теңге;
Түркия – 6,0 млрд теңге;
Өзбекстан – 5,5 млрд теңге;
Грузия – 2,6 млрд теңге;
Қытай – 1,9 млрд теңге.
Ал қаңтар айында Қазақстанға шетелден 15,4 млрд теңге түскен. Ақша аударымдары көлемі бойынша алғашқы үш ел:
Ресей – 3,2 млрд теңге;
АҚШ – 2,6 млрд теңге;
Түркия – 1,9 млрд теңге.