Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:15

Қарағанды дүкендерінен «ДНР»-де өндірілген шоколад табылды

1
Фото: NEGE

Қарағанды тұрғындары дүкен сөрелерінен «Донецк халық республикасында» (ДНР) өндірілген шоколадты байқап, бұл жағдай қоғамда қызу талқыланып жатыр.

Қала тұрғыны Сортировка ауданындағы Мәметов көшесіндегі дүкендердің бірінен «Молочная горка» атты кәмпитті көргенін айтады. Қаптамада өнімнің өндірілген жері ретінде «Донецк халық республикасының» аумағы көрсетілген.

Әлеуметтік желі қолданушылары өнім қаптамасында қазақ тіліндегі аударманың жоқтығына назар аударды. Сондай-ақ кейбірі бұл тауар Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) сертификаттауынан өтпеген болуы мүмкін деген болжам айтты.

«Мұндай тауар дүкен сөрелеріне қалай шықты?» – деп сұрақ қояды пікір қалдырушылар.

Қазақстан ресми түрде ДНР мен ЛНР-ді тәуелсіз мемлекет ретінде мойындамайды. Бұған дейін бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі кезінде ашық мәлімдеген болатын.

Осыған байланысты әлеуметтік желі қолданушылары мойындалмаған құрылым аумағында өндірілген өнімнің Қарағандыдағы дүкендерге қалай түскені туралы сұрақ көтеріп отыр.

NEGE редакциясы бұл мәселеге қатысты түсініктеме алу үшін Сауда және интеграция министрлігіне жүгінген. Алайда әзірге ведомство тарапынан ресми жауап берілген жоқ.

Тегтер: