Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:20

Қарағанды облысында дизель отынын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

бензин мен дизель
Фото: из открытых источников

Қарағанды облысында теміржол бойында ірі көлемде жанармай ұрлап келген қылмыстық топтың жолы кесілді. Арнайы операцияны полиция мен ҰҚК бірігіп жүргізген.

Тергеу деректеріне сәйкес, топ мүшелері Бухар-Жырау ауданына қарасты Ащысу станциясында айлап дизель отынын заңсыз иемденіп келген. Барлығы 28 дерек бойынша ұрлық тіркеліп отыр.

Арнайы шара кезінде 17 адам қолға түсті. Олардың тұрғылықты жерлеріне жүргізілген тінтудің нәтижесінде:

  • жарты тоннаға жуық дизель отыны,

  • жанармай тасымалдауға арналған ыдыстар,

  • тіркелмеген қару мен оқ-дәрілер,

  • ұялы телефондар,

  • есірткі заттары табылған.

Құзырлы органдардың хабарлауынша, тәркіленген қарудың бірі 2017 жылы Ресейде жоғалған деп тіркелген.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция күдіктілердің өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жүргізіліп жатыр.