Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:43, 14 Қазан 2024

Қарағанды облысында сирек кездесетін мысық фототұзаққа түсіп қалды

в
Фото: gov.kz
2024 жылғы 18 қыркүйек күні сирек кездесетін жабайы мысық — сабаншы Шет және Ақтоғай аудандарының тасты алқаптарындағы фототұзаққа бой көрсетті. 2023 жылғы күзден бері өңірде 19 фототұзақ бар, бірақ бір жылда сабаншы екі фототұзаққа ғана түсіп қалған.

«Сабаншылардың екі-ақ фототұзаққа түсіп қалғанының себебі — фототұзақтардың көбі сабаншының негізгі ареалынан тыс жерде: олар сабаншының Қарағанды облысындағы ареалының солтүстік бөлігін анықтау үшін орнатылған. Бұл аймақ сабаншыға қолайсыз болуы мүмкін, себебі мұнда қыста қар қалың жауады», — деп түсіндірді АСБК ғылыми қызметкері Илья Смелянский.

Фототұзақтан сабаншыдан бөлек жылда байқалатын жабайы мысықтың басқа түрі — сілеусінді көруге болады. Оған қоса фототұзаққа тас сусары да түсіп қалған. Ал Қазақстан арқарын 19 фототұзақтың 17-інен байқауға болады. Тас сусары да, арқар да Қазақстанның Қызыл кітабына енген.

Сабаншы мен басқа да сирек кездесетін жануарлардың таралуын әрі қарай бақылау үшін келер жылға деп Қарағанды облысының аумағында 27 фототұзақ орнатылды.

Аймақтағы сирек кездесетін сүтқоректілерді зерттеуге және мониториң жүргізуге Орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі бойынша облыстық аумақтық инспекциясы қатысып, қолдау көрсетеді. 2023–2024 жылдары ұйымдастырылған дала экспедицияларына Small Cat Action Fund (Panthera Foundation) қаржылай қолдау көрсетті. Сабаншы бойынша жұмыс тобы мен АСБК ұйымдастырған «Фототұзақты асырап ал!» демеуші бағдарламасына қатысушылар қаржы жағынан қолдап, жаңадан фототұзақ сатып алу мүмкін болып отыр.