Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:55

Қарағанды облысында төрт теміржолшының өлімі: үш күдікті ұсталды

пойыз
Фото: из открытых источников

Қарағанды облысында 4 теміржол қызметкерін жүк пойызы қағып кетіп қаза тапқан еді.   жсоған байланысты үш күдікті анықталып, ұсталды.

2025 жылғы 10 желтоқсанда «Шешенқара - Қаражынғыл» учаскесінде жоспарлы рельсті ауыстыру жұмыстары кезінде орын алған. Оқиға нәтижесінде төрт теміржолшы қаза тапқан.

Шу станциясының желілік полиция бөлімі теміржол көлігін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігін сақтау ережелерін бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыс екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жағдайда қарастырылады.

Жүргізілген тергеу шараларының нәтижесінде құқық қорғау органдары үш күдіктіні анықтап, ұсталғанын, оларға қатысты сот шешімімен қамау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылғанын хабарлады.

Полиция тергеу әлі де жалғасып жатқанын, ал басқа ақпараттың Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы бойынша тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайтынын атап өтті.

Айта кетейік, 2024 жылы қаңтарда да осындай жағдай тіркелген еді. Жамбыл облысындағы Жиделі — Берлік аралығында екі қызметкер Астанадан Шымкентке бағыт алған жолаушылар пойызының астында қалып, қаза тапқан. Ол кезде де машинист экстренді тежегіш қолданғанымен үлгермеген.