Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:05

Қарағандыда 14 жастағы баланың аяғын өртеген жасөспірімге үкім шықты

Солтүстік
Фото: ашық дереккөз

Қарағанды облысында Нұрсұлтан есімді 14 жастағы оқушынының аяғын өртеп жіберген 16 жастағы жасөспірімге сот үкімі шықты.

Қылмыс былтыр, 17 қыркүйекте Ақтоғай ауданының Шашубай ауылында болған.

Оқиға қалай болды?

Іс материалдарына сәйкес, жасөспірімдер жеке үйдің ауласында жүрген. Сол кезде 16 жастағы жасөспірім балаларға «жанармай буын жұтып көруді» ұсынған. Жанармай ыдысын абайсызда қағып жіберген Нұрсұлтанның киіміне жанармай төгіліп кеткен. Осыдан кейін 16 жастағы жасөспірім одан 4 500 теңге талап еткен. Ақшасы жоқ екенін естіген соң сіріңке жағып, оны Нұрсұлтанға қарай лақтырған. Бала шалбарынан шыққан жалынды сөндіруге тырысқанда денесінің көп бөлігі күйіп қалған.

Кінәлі жасөспірім жедел жәрдем шақырудың орнына ескі шалбар кигізіп, болған жағдайды айтпауға бұйырған. Нұрсұлтан үйіне зорға жетіп, анасы ғана дәрігер шақырған.

Тергеудегі олқылықтар және істің қайта қозғалуына не түрткі болды?

Жарақаттың ауырлығына қарамастан, тергеу бастапқыда салғырт жүргізілген: дәлелдер алынбаған, күдіктіге ешқандай бұлтартпау шарасы қолданылмаған, тіпті істі «қылмыс құрамының болмауына байланысты» тоқтату туралы қаулы шыққан.

Тек адвокат Ерсін Рахметовтің араласуынан кейін іс қайта қозғалып, кінәлі жасөспірім жауапқа тартылды.

Сот үкімі

Қарағанды облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі соты жасөспірімді ҚР ҚК 107-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Оған:

  • 1 жыл 6 айға бостандығын шектеу,

  • 1 жыл пробациялық бақылау жазасы тағайындалды.

Сот айыпталушының кәмелетке толмағаны және бұрын сотталмағанын жеңілдетуші мән-жай ретінде ескерді.

Тегтер: