09:42, 12 Шілде 2024
Қарағандыда 37 жер телімі мен хоккей клубы мемлекетке қайтарылды
Қарағандыда мемлекетке заңсыз сатып алынған активтер қайтарылды.
Прокуратура заңсыз берілген 37 жер телімін, сондай-ақ құны 900 миллион теңгені құрайтын «Сарыарқа» хоккей клубын мемлекет меншігіне қайтарды.
Қазір прокурорлар мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің заңдылығын тексеріп жатыр.
Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қалпына келтіру мақсатында заңсыз алынған және жекешелендірілген барлық мемлекеттік мүлікке қатысты прокурорлық қадағалау және ден қою шаралары қабылданатын болады, делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз