Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:38

Қарағандыда анасы мен қызы өз пәтерінде өлі табылды

Полиция
Фото: egov.kz

Қарағанды қаласындағы тұрғын үйлердің бірінен әйел мен баланың зорлық белгілері бар мәйіттері табылды.

Бұл туралы Kazinform жазды.

Полиция күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстау шараларын жүргізіп жатыр.

26 наурыз күні Қарағанды қаласындағы Крылов көшесіндегі пәтерден 38 жастағы әйел мен оның 12 жастағы қызының сүйегі табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктінің жеке басы анықталған, қазіргі уақытта оны ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Оқиға орнында тергеу амалдары жалғасуда. Құқық қорғау органдары болған жағдайдың толық мән-жайын анықтау үшін қажетті сараптамалар мен процессуалдық әрекеттер кешенін жүргізуде.

Ведомство өкілдері істің ерекше бақылауға алынғанын атап өтті.

— Екі адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің жеке басы анықталды, оны ұстау бойынша шаралар қабылдануда. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, — деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қостанай тұрғыны бұрынғы әйелін өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланған болатын.