Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:32

Қарағандыда балалар үйінің тәрбиеленушілерінен ірі көлемде ақша бопсалаған қылмыстық топ әшкереленді

1
Фото: ашық дереккөз

Қарағанды қаласында балалар үйінің тәрбиеленушілерінен миллиондаған теңге бопсалады деген күдікпен қылмыстық топ ұсталды.

 Тергеу дерегінше, күдіктілер алдау, қорқыту және күш қолдану арқылы жәбірленушілерді жеке шоттарындағы қаражатты шешіп алуға, сондай-ақ микрокредиттер рәсімдеуге мәжбүрлеген.

Полицияның хабарлауынша, соңғы алты ай ішінде қылмыстық топ 10 млн теңгеден астам қаржыны заңсыз иемденген.

Тінту кезінде күдіктілерден атыс қаруына арналған оқжатарлар мен 100-ден аса оқ-дәрі тәркіленді.

Қазіргі уақытта барлық күдіктілер қамауға алынды. Оларға 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылып отыр.