Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:15

Қарағандыда ер адам өзін-өзі өртемек болды

Жәрдем
Фото: БАҚ

Оқиға «Горняк» базарының маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, саудагерге өз контейнерлерін алып шығуға рұқсат берілмеген.

 Сол себептен базар әкімшілігімен жанжал туындап, жағдай ушығып кеткен.

33 жастағы ер адам үстіне бензин құйып, өзін өртеп жіберемін деп қорқытқан.

Оқиға орнына жедел қызметтердің барлығы келген. Полицейлер мен әкімдік өкілдері ер адаммен сөйлесіп, оны сабырға шақырған. Нәтижесінде ол райынан қайтып, кейін әкімдікке жеткізілді.