Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 16:17

Қарағандыда көпқабатты үйдегі өрттен ер адам қаза тапты

Өрт
Фото: ашық дереккөз

Қарағанды қаласында көпқабатты тұрғын үйде шыққан өрт салдарынан бір адам көз жұмды.

Қайғылы оқиға 6 қаңтар күні кешкі уақытта Әбдіров даңғылында орналасқан 12 қабатты үйдің бесінші қабатындағы пәтерде болған.

Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, пәтер ішінде жиһаз бен тұрмыстық заттар отқа оранған. Құтқарушылар қою түтінді подъезден сегіз адамды, оның ішінде бес баланы қауіпсіз жерге шығарды. Балалардың газдан уланбауы үшін оларға арнайы қорғаныш қалпақтары кигізілген.

Сонымен қатар, тағы 15 тұрғын баспалдақ арқылы эвакуацияланған. Далаға шыққан адамдарды құтқарушылар арнайы көлікте жылытып, алғашқы көмек көрсеткен.

Өрт салдарынан 1997 жылы туған ер адам түтінге уланып, қаза тапты. Өрттің жалпы аумағы шамамен 5 шаршы метрді құраған. Қазіргі уақытта оқиғаның шығу себебі анықталып жатыр.

Тегтер: