Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:40, 26 Мамыр 2025

Қарағандыда мәдени мұраны насихаттауға арналған шара өтті

1

Кеше, 25 мамыр күні Қарағанды қаласының әмбебап ғылыми кітапханасында халқымыздың рухани-мәдени мұрасын насихаттауға арналған мазмұнды әрі мәнді шара өтті, деп хабарлайды кітапхана баспасөз қызметі.

Бұл күн – Алаш қайраткері, жерлесіміз Әлімхан Әбеуұлы Ермековтың туған күні. Рухқа тағзым ету мақсатында арнайы ұйымдастырылған бұл тағылымды кеште Ақтоғай өңірінің төл перзенті, өлкетанушы, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы Тұңғышбай Өміртайұлы Мұқанның «Үш арыстың ауылынанбыз» атты еңбегінің тұсаукесері көпшілік назарына ұсынылды.

1

Тұсаукесер рәсіміне өңірге белгілі зиялы қауым өкілдері, әдебиет пен ғылым саласының мамандары, ақын-жазушылар, өлкетанушылар, кітапханашылар мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Іс-шара барысында Тұңғышбай Өміртайұлының шығармашылық жолына арналған «Тынымсыз ғұмырым» атты бейнебаян көрсетіліп, қаламгердің елге сіңірген еңбегі жайлы естеліктер айтылды.

1

Кітаптың тұсауын кескен құрметті қонақтар жаңа туындының маңыздылығына тоқталып, оның ұлт жадын жаңғыртудағы рөліне ерекше баға берді.

«Үш арыстың ауылынанбыз» – бір ғана өңірдің шежіресі емес, күллі қазақ тарихының бір парағы. 

Ел мен жер тағдыры тоғысқан бұл еңбекте тағылым мен тәрбие, елдік пен ерлік рухы қатар өріледі. Бұл кітап – өткенге тағзым, келешекке аманат.

Тегтер: