Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:15, 18 Шілде 2025

Қарағандыда медбикеге жасалған қатыгез шабуыл қоғамды дүр сілкіндірді

1
Коллаж: Orda.kz

 2025 жылдың 16 шілдесінде Қарағандыдағы DiVera жекеменшік маммология орталығында оқыс оқиға орын алды.  42 жастағы ер адам емхана есігіні бұзып кіріп, медбикені сегіз минут бойы ұрып-соғып, азаптаған.

Оқиға түскі сағат 16:00 шамасында болған. Ер адам әйелін дәрігерге алып келіп, өзі үш баласымен күтіп отырған. Әйелі процедурадан кейін шыққан кезде ол тыйым салынған кабинетке кіруге талпынған. Сол сәтте кабинетте медициналық қалдықтарды жинап жүрген аға медбике Асель Тасмагомбетова оған кіруге болмайтынын ескерткен. Алайда ер адам әйелінің ескертуіне де қарамастан, есікті жұлып алып, медбикені жерге құлатып, шашынан ұстап алып соққыға жыққан.

Әселдің айтуынша, шашынан ұстап алғандықтан ол орнфнан тұырып, қорғана алмаған. Ер адам оны аяусыз ұрып, саусағын сындырған. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Шу шыққан кезде басқа дәрігерлер, соның ішінде  маммолог Айнұр Жұмақаева көмекке келген. 

Көп өтпей полиция  келіп, ер адамды алып кеткен. Әселді жедел жәрдем ауруханаға жеткізген.

Медбикенің ата-анасының айтуынша, күдіктінің туыстары дереу ауруханаға жиналып, кешірім сұрап, арыз жазбауын өтінген. Тіпті күдіктінің шизофрениямен ауыратынын дәлелдейтін анықтамалар көрсеткен. Алайда жәбірленуші тарап бұл әрекетті күдіктіні қылмыстық жауапкершіліктен жалтару амалы деп санайды. 

Қарағанды облысы ПД шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті қазір психоневрологиялық орталықта бақылауда. Департамент тергеу барысын ерекше бақылауға алған.

DiVera медицина орталығының бас директоры Наталья Ибраеваның айтуынша, бұл жеке жағдай емес, медицина саласындағы жүйелі проблемаға айналды. «Біздің басты міндет – медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Егер дәрігерлер пациенттерден қорқатын болса, бұл бүкіл жүйеге қауіп төндіреді», – дейді ол.

Клиника ішкі тексеріс бастады, қауіпсіздік шараларын күшейтіп, бейнебақылау жүйесін кеңейтуді, қызметкерлерге агрессияға қарсы әрекет ету бойынша тренингтер өткізуді жоспарлап отыр.

Тегтер: