Қарағандыда шахта жарылысы: қаза тапқандар саны тағы да артты
Қарағандыдағы Костенко шахтасындағы жарылыстан қаза тапқандар саны артты. Бұл туралы ArcelorMittal Temirtau компаниясының мәлімдеме жасады.
Компания мәлімдемесінде AMT 25 қызметкерінің қаза тапқаны және 21 адамның іздестіріліп жатқаны айтылған. Алайда кейінірек Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі қаза тапқандардың нақты саны 22 адам екенін хабарлады.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі де 22 адам қайтыс болғанын хабарлады.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Костенко шахтасында апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге «Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ЖШС республикалық орталық штабының Қарағанды филиалынан 55 адам мен 12 бірлік техника жұмылдырылды.
Екі тау-кен орнында іздеу-құтқару жұмысы жүргізіліп жатыр. Өрт жоқ. Кейбір нүктелерде көміртегі тотығының рұқсат етілген концентрациясы асқан. Қазіргі уақытта қаза тапқан 22 адамның мәйіті табылды, 24 кеншіні іздеу жалғасып жатыр», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Костенко шахтасында болған оқиғаға байланысты «АрселорМиттал Теміртау» АҚ УД, Төтенше жағдайлар министрлігі және Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті 8 (7212) 51-72-23, 8 (7212) 49-72 сенім телефондары жұмыс істейді.